Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
I Мұқағали оқулары
01-03-2009 18:00
I Мұқағали оқулары

27.02.09 күні №2 ЖОББМ-інде қалалық «I Мұқағали оқулары» өтті. Байқау 7 – 11 сынып оқушыларының арасында 5 номинация бойынша болды. Қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін және поэмасын жатқа айту, өз шығармаларын оқу, берілген тақырыпқа өздігінен өлең шығару және ақынның өмірбаяны бойынша 10 сұраққа жауап беру арқылы білімдерін көрсетті.

Жалпы сайысқа қала мектептерінен 17 бала қатысты. Біздің мектептен 6 қатысушы болды, соның ішінен 7 «г» сынып оқушысы Бекқожина Жанар 1-орынға ие болды. Ал 8-сынып оқушылары Мадиева Салтанат пен Аянбек Айболат «Ынталандыру» грамотасымен марапатталды. Бұл балаларды дайындаған қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Тиынтай Айгүл Тиынтайқызы мен Рахметова Үмілғарап Ілиясқызы да марапаттау қағаздарына ие болды. Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, алғысымызды білдіреміз.

Құттықтаймыз!