Жақында №2 ЖОББМ-нің 4 «ә» сынып оқушылары қала орталығындағы «Д.П.Багаев үй-мұражайында» болып, павлодарлық танымал талантты фотографтың қиын да қызықты өмір тарихы мен шығармашылығымен танысты. Аталмыш мұражай Ленин көшесіндегі 200-ші үйде орналасқан. Мұражай шағын төрт бөлмеден тұрады. Оқушыларға мұражай экскурсоводы әр бөлмедегі тарихи құнды жәдігерлерді: Дмитрий Поликарпович пен әйелінің киген киімдерін, тұтынған ыдыс-аяқтары мен жиһаздарын түрлі шетелдік және отандық маркалы фотоаппараттар жиынтығын және алғашқы шыққан жазу машинкаларының үлгілерін таныстырып, әрқайсысы туралы жеке-жеке баяндап берді. Экскурсия соңынан, оқушылар мұражай қызметкерлерінің рұқсатымен суретке түсіп, мектепке көңілді оралды.