"Әліппемен қоштасу"
Мектебіміздің акт залында 1-ші сынып оқушыларында "Әліппемен қоштасу" ертеңгілігі өтті. Оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетіп, өлеңдерін айтты. Ертеңгілікті 1 "А" сынып оқушылары бастап 1 "Ғ" сынып оқушылары аяқтады. Шараға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар қонақта болды. Мектеп директоры Н.Б.Асылбекова балаларға сәттілік тіледі. Ата-аналар сынып жетекшілеріне алғыстарын білдіріп, рахметін айтты. Енді оқушылар Әліппемен қоштасып "Ана тілі" әлеміне саяхатқа аттанды. Сәт сапар балалар!!! Әліппем менің Әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен.
