«Денсаулық фестивалі-2015»

2 қыркүйек күні СӨС орталығының маманы А.К.Турарова «Жанұям басты құндылығым» ұранымен жол-көлік травматизмнің алдын-алу бойынша 7 «Ә» сыныбының оқушыларына Денсаулық сабағын өткізді. Денсаулық сабағы дөңгелек стол ретінде өтті. Сонымен қатар 6 Ә және 7 «В» сынып оқушылары дәл сондай лекция тындады. Қыркүйектің 3-ші күні «Жанұям басты құндылығым» атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында мектеп инспекторы Инабат Талғатқызы жол-көлік травматизмнің алдын-алу бойынша оқушылармен әңгіме өткізді. 
Бастауыш сынып оқушыларымен спорттық ойындар өткізілді. 1-4 сыныптарда футболдан және пионерболдан жарыстар өткізілді. 2-3 сыныптарда «көңілді сөре» ұйымдастырылып өткізілді. Барлық сыныптар белсене қатысып, жарыстың соңында 1,2,3-ші орындарға ие болып граматолармен мараптталды. Қыркүйектің 5-і күні Орталық алаңда өткен «Денсаулық фестивалі-2015» республикалық акциясына жоғары сынып оқушылары қатысты: 45 оқушы, 5 мұғалім. Денсаулық апталығыны әр оқушының күнделікті жаттығулармен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулықтарын нығайтып, жағымсыз әдеттерге қарсы тұруға шақырады.



