Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Педагогикалық кеңес «Критериалды бағалау».
01-03-2017 07:35
Педагогикалық кеңес «Критериалды бағалау».

 Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

 

Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады. 

Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқу-шының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.

Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты:
Бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:

- Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

- Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі   

  жетілдіріп отыруына жағдау жасау.

- Бірыңғай стандарттар және сапалы бағалау құралдары мен бағалау меха-низмдерін қалыптастыруға көмектесу.

-Қолжетімді, нақты, үздіксіз ақпараттар ұсыну:

    - Білім алушыларға олардың білім сапасы туралы;

    - Мұғалімдерге оқушылардың оқу жетістіктері туралы;

    - Ата-аналарға балаларының оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендігі туралы;

    - Басқару органдарына білім беру қызметінің сапасы туралы.

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны:

ҚР МЖМБС-  Білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар  (күтілетін нәтижелер Б.Блум таксономиясына негізделген.

Пән бойынша оқу бағдарламалары

Пән бойынша оқу мақсаттары, бөлім, ортақ тақырыптар, бөлімшелер.

Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым

Бағалау критерийлері  - білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.

Бағалау критерийлері  - білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.

Түрлі деңгейдегі тапсырмалар

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау критерийлерге негізделген.

Кері байланыс - күнделікті тәжірибе. Балдар (Әр бөлім және тоқсан бойын-ша). Ойлау дағдыларының деңгейлері (Әр бөлім және тоқсанды аяқтау бойынша). Баға -Оқу жылын аяқтау бойынша.

 

         Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі.

       Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша  кері  байланыс құралы – РУБРИКА. Мұғалім оқушының жұмысы бойынша нені жақсы меңгерді, нені қайталау керек нақты жазып береді.

 

       Модерация - тоқсандық жиынтық бағалау кезінде дау тудырған немесе мұғалім бағалауға қиналғанда өткізіледі. Мұғалім оқушының жұмысының көшірмесін кодпен белгілеп, модерация мүшелеріне тапсырады. Модерация құрамына ОТЖжДО, ӘБ жетекшісі, басқа пән мұғалімі кіреді. Біздің мектеп-те бұйрық шығарылды, модерация мүшелері: Қ.С.Табулова, Ж.Д. Арынжа-нова, Н.Г.Кайрбаева.  1 сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер курстан өтіп келді. Педагогикалық кеңеске дайындық барысында 1 сыныптарда сабақ беретін курстан өткен мұғалімдер де ашық сабақ берді, барлығы 8 ашық өтті. 1а-математика, 1ә-сауат ашу, орыс тілі, ағылшын тілі, дене шынықтыру, 1б-сауат ашу, 1в-математика, 1г-математика. Осы 8  сабақтың ішінде 1ә сыны-бында сауат ашу сабағы өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламыз, мұғалім М.Х.Бұшымбаева.