"Оқытудағы жаңа көзқарастар" семинар-коучинг
2 наурыз күні мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдері арасында "Оқытудағы жаңа көзқарастар" тақырыбы бойынша қалалық семинар-коучинг өткізілді. Семинар-практикум бағдарламасы барысында ашық сабақтар, тренинг және семинар-коучинг өтті. Сауат ашу пәнінен 1Ә сыныбында "Ұлттық ойындар" - мұғалімі М.Х. Бұшымбаева, әдебиеттік оқу пәнінен 2Ә сыныбында "Наурыз көже" - мұғалімі М.Ш. Қазанғапова, 4Б сыныбында Ф. Оңғарсынова "Қанат туралы хикая" мұғалімі Б.Ю. Сағындыкова ашық сабақтар берді. Ж.Д. Арынжанова бастауыш сынып ӘБ жетекшісі "Критериалды бағалау" семинар-коучинг өткізді.