Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ЖАС ҰЛАНДЫҚТАР» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕРУГЕ ШЫҚТЫ
08-06-2017 08:18
«ЖАС ҰЛАНДЫҚТАР»  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕРУГЕ ШЫҚТЫ


 №2 жалпы орта білім беру мектебінің «КҮНШУАҚ» жазғы сауықтыру орталығы бүкіләлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуіне байланысты аталмыш шараны қолдайтындарын білдіріп, «шығармашылық шеруге» шықты.
Іс-шараны сауықтыру орталығының жетекшілері ұйымдастырды. Демалушылар тәлімгер, тәрбиешілерімен бірге алдын-ала белгіленген бағыт бойынша «ҚАЗАҚСТАН! НҰРСҰЛТАН! ЖАС ҰЛАН!» ұранымен Крупская – Кутузов –Лермонтов – Короленко көшелерін жүріп өтті.
Топты мектептің жас өнерпаздары, спорт жеңімпаздары бастады. Балалар Қазақстан және «ЭКСПО-2017» жалаушаларын желбіретіп, қолдарына түрлі-түсті шарлар ұстады. Іс-шара соңынан балалар шарларын аспанға ұшырды.

Айгүл МОЛДАШ.