Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ
20-06-2017 05:38
КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ

Айналаны жадыратқан жайдарлы жаз оқу маусымын аяқтап, демалысқа шыққан оқушыларға мол қуаныш, шаттығын ала келді. Маусымның бірінен басталған бірінші ауысымда №2 жалпы орта білім беру мектебінде 12 топтан жасақталған «Күншуақты қала» сауықтыру орталығы (240 оқушы), «Бұлақ» бейінді лагері (214), жөндеу-құрылыстар жасағы (37) және «Жасыл патруль» мектеп жанындағы үлескі (330) өз жұмыстарын бастады. Аз қамтылған отбасылардан шыққан бірқатар оқушы Баянауыл ауданындағы «Жас дәурен» демалыс лагеріне жолдама алды. Әр топ маусымдық жұмыстар атқарып, дем алуда. Биылғы жылы сауықтыру орталығы «Павлодар қаласының мәдени мұралары» бағдарламасы шеңберінде бастауыш және 5-6 сынып оқушыларынан құралған топтарды шаһарымыздағы «Шаңырақ», «Ж.Аймауытов», «Чехов», «Әбусеитов», «Колос», «Естай», «Оқушылар сарайы», «Достық үйі», «Экологиялық орталық», «Нептун» секілді мәдени орындардың атауымен атады. Ал, «Әскери даңқ» деп аталған келесі топты бірінші сыныпқа келетін кішкентай бүлдіршіндер құрады. Жоспар бойынша әр топқа өзіне бекітілген мәдени мекеменің тарихын тереңнен зерттеп, қорғап шығу жүктелді.
Демалыс орталығының жетекшісі ретінде бастауыш сынып мұғалімі Ә.Ш.Еркасова бекітілді. Орталықта 42 мұғалімнен басқа музыка, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері, медбике жұмыс істейді.
Күнде таңертең демалушылар мектепке асыға жиналып, ақ шағаладай қаз-қатар сап түзеп, таңғы жаттығулар жасайды. Жаттығу аяқталысымен барлығы күні бойы өтілетін жұмыстар жоспарымен танысады. Бесін асынан кейінгі жиында бір күндік атқарылған жұмыстар қорытындысымен танысып, белсенділігімен ерекшеленген топтар Мақтау қағаздарымен марапатталады.
Сауықтыру орталығында бүгінгі заманға сай техникамен жабдықталған, компьютерлік және робототехника кабинеттері, қуыршақ театры, мәжіліс залы, спортзал жұмыс істейді. Балалар бассейн, кинотеатр, мәдениет үйі, оқушылар сарайы және т.б. мәдени орындарға қуана-қуана барады. Орталықтағы әрбір күн – «Табиғат аясына саяхат», «Суперстар кз», «Жас таланттарды іздейміз», «Көңілді старт» тағы да басқа қызықты мәдени шаралармен көңілді өтеді. Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында «Шығармашылық шеруі», «Экспо – балалар көзімен.. суретшілер байқауы, «Экспо аллеясы» қолөнершілер байқауы және «Экспо және менің елім» конференциясы да балалардың естерінде қалды.
Демалушылар арасынан 4 «ә» сынып оқушысы Амангелді Сания және 5 «в» сынып оқушысы Серік Мерей болса, Павлодар облыстық радиосының «Кітаптар әлемінде» бағдарламасына қатысып, сүйікті шығармаларынан үзінділер оқыды. Ашық аспан астында балдырғандардың шат күлкісі, көңілді демалысы әлі де жалғасуда. Ал базарлыққа толы сиқырлы сандығын арқалаған екінші ауысым өз кезегін күтуде.

Айгүл МОЛДАШ.