Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тіл – ұлттық қазына»
27-09-2017 06:29
«Тіл – ұлттық қазына»

     Адам үшін тіл – өте маңызды құрал. Тіл арқылы адам өз ойын жеткізе біледі, түсіндіре алады. Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тілдің бірі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей, біз ана тіліміздің мықты болуына негіз қалауымыз керек. Сондықтан Тіл айлығының аясында 18 – 23 күндері аралығында № 2 орта мектебінде Тіл апталығы өтті. Мектеп ұжымының ұйымдастыруымен оқушылар арасында Тілдер апталығының шеңберінде бірталай шаралар өтті. Бес ӘБ өз жоспарын құрастырып, жоспар бойынша жұмыстарын жүргізді. Барлық шаралар бекіткен уақытта өтті. Мұғалімдер мен оқушылар апталықта белсенділіктерін танытты. Әр ӘБ жеке атап кетсек, келесі жұмыстар атқарылды:
Бастауыш сыныптар ӘБ төрт параллельге бөлініп, параллель бойынша келесі шараларды өткізді: «Ана тілім - ардағым» кітаптар көрмесі, «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім» мәнерлеп оқу сайысы, «Тіл – халық өмірінің айнасы» сурет сайысы, мақал-мәтелдер сайысы, «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» шығарма сайысы.
Қазақ тілі мен әдебиет ӘБ «Тілім – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» сыныптан тыс шарасын, «Тіл білгірі» сайысын, «Фразеологизмдер әлемінде» және «Сөз мәйегі – мақал-мәтел», «Тіл – ұлттық қазына» интеллектуалдық сайыстарын ұйымдастырып өткізді.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер ӘБ «Знаешь ли ты русский язык?» викторинасы, «Знатоки русского языка» блиц-турниры, «Язык мой – друг мой» әдеби монтажы, «Тіл мәртебесі – ел мерейі» дөңгелек үстелі, «Тіл заңы» баяндамасымен танысу, «My hobby» ойыны , «My English» викторинасы өтті.
Жаратылыстану-математикалық пәндер ӘБ «101 жұмбақ, 1001 мақал» сайысын, «Тілдің мерейі – елдің мерейі», «Тіл қадірі – ел қадірі» сынып сағаттарын, «Озық ойлы тапқырлар», «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын, «Химия әлемінде», «Тіл – сөйлесу құралы», «Әдеп басы - тіл» сыныптан тыс сабағын, «Ең қымбат қазына - тіл» атты шаралар ұйымдастырылды.
Мәдениеттану пәндерінің ӘБ әр түрлі отбасылық-спорттық жарыстарын, ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдар мен көне аспаптар туралы шолу сабақтарын, қазақ суретшілердің өнерімен танысу сияқты шараларын өткізді.
Апталық белсендік көрсетіп, нәтижелі қатысқан оқушыларды марапаттаумен аяқталды.

 

                                                                                            ОЖжДО Қ.С. Табулова