Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қалдырған ізің мәңгілік»
02-10-2017 04:49
«Қалдырған ізің мәңгілік»

   2017 жылғы 29 қыркүйек күні мұғалімдер күні мен қарттар күніне арналған концерттік бағдарлама өтті.
«Қалдырған ізің мәңгілік» атты мерекелік концертке келген қонақтарымыз ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің ардагер ұстаздары болды. Олар: Султанова Р.Х., Гудель Л.В. Оған қоса бүл күні кәсіподақ ұйымы ұстаздарды құттықтады.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары ұстаздардың білімдері мен біліктеріне жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздардың үлестері орасан мол.