Ауғаннан әскер шығарылуына 29 жыл толуына арналған ауған соғысының ардагерлерімен кездесу. Мустафин Оразбай Жасауұлы– ауған соғысының ардагері, 1986 – 1988 жылдары Ауғанстанда Кандагар провинциясында әскер қатарында болып өз міндетін атқарып келді, Ауған соғысында болған азамат. Арнайы тағайындалған батальонда болған.
Бедаханов Рахимжан – ауған соғысының ардагері,
1981 жылы Ауғанстанда кабул жерінде әскер қатарында болып өз міндетін атқарып келді, Ауған соғысында болған азамат. Танк батальонында болды. Кавалер ордена красной звезды иегері. Биыл 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толды. Бұл – аз уақыт емес.
Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама?
Атышулы Ауған соғысының зардабы заман ауысқанымен тарихтың қасірет беттерінде жазулы. Біздің республикамызда 22000 адам соғысқа қатысып, 720 өмір қыршынынан қиылды, хабар-ошарсыз кеткен 20 тағдыр және бар. Азалы Ауған тақырыбын біз еш уақытта ұмытпаймыз.
Ауғанстан жерінде қаза болған жауынгер ағаларымызды еске алуға бір минуттық үнсіздік жарияланды. Отан – оттан да ыстық! Азаматтық парыздың ішіндегі ең үлкені – Отан қорғау! Жауынгер жүгі қашан да салмақты. Солардың арқасында біз той тойлап, ештеңеге алаңдамай өмір сүріп жатырмыз!
Құрметті ардагер ағалар! Сіздердің өмірлеріңіз – жеке бір адамның жер бетіндегі тіршілігі емес. Сіздердің өмірлеріңіз – Отан тарихымен, халық өмірімен бірігіп кеткен өшпес, өнегелі өмір. Сіздер қандай құрмет болса, соған лайықсыздар!
Ағалармызға келгеніне көп рахмет айтамыз. Деніңіз сау, балаларыңыз аман болсын.