№2 жалпы орта білім беру мектебінде 2018 жылдың 22 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдері ЕркасоваАлия Шаймуратқызы,БушумбаеваНұргүл Хамитқызы, «Жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясы бойынша деңгейлік тапсырмаларды дұрыс құрастыру жолын ұйымдастыру» атты семинар – практикум өткізілді. Ашық сабаққа КЖОМ, №19, №29, №25 ,№22 қала мектептерінің ұстаздары қатысты. Мұғалімдер «Жеке тұлғаға бағыттап оқыту» технологиясы бойынша бастауыш сыныптарда сабақты жүргізу әдістемесі мен жұмыс тәжірибиесімен бөлісті. Қала ұстаздары өткізілген ашық сабақтан өздеріне қажетті мәліметтер мен ақпараттар алғандары үшін алғыс білдірді. Сабақ үдерісінде оқушылар технология бойынша тапсырмаларды белсенді орындап, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.
ЖТБО технологиясының қалалық шығармашылық тобының жетекшісі, №2 ЖОМ-ның бастауыш сынып мұғалімі Сарсебаева Ж.О