Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
МЕКТЕП – БІЛІМ ОРДАСЫ
08-05-2018 15:01
МЕКТЕП – БІЛІМ ОРДАСЫ

Біздің алтын ұямыз

 Білім – теңіз, мектеп – кеме, мұғалім – мектептің жүрегі. Білім нәрімен сусындап, оның құпиясын аша білу – күрделі де қиын іс. Осы білім теңізінде еркін жүздіру, бала жанының бағбаны мұғалім болса, мектеп – білім ордасы. Мектеп – даналардың түлеп ұшар тұғыры, талантын шыңдар білім ордасы. Ұлттың рухани байлығы - білімінде, ұстанар бағыты - тәрбиесінде. Ал осы біліммен сарқылмас бұлағының көзі - мектепте. 
Осындай білім ордасының бірі – Павлодар қаласындағы № 2 жалпы орта білім беру мектебі. Мектеп 1965 жылы есігін ашқан. 2012 жылдан бастап мемлекеттік тілде білім беру мектебі мәртебесіне ие болды. Мектеп қазіргі заман талаптарына сай материалды-техникалық базамен қамтамасыз етілген: заманауи пән кабинеттері, әр кабинеттегі техникалық құралдар – компьютерлер, моноблоктар, ноутбуктар, интерактивті тақталар. Арнайы жабдықталған кабинеттер де баршылық: химия, физика, информатика, шеберхана, спортзал, мультимедия, робототехника, шахмат, психология, Президент кабинеттері т.б. Тәрбиелік және сабақтан тыс шараларды өткізу үшін қажетті құралдармен жабдықталған мәжіліс залы жұмыс жасайды.
Мектепте дарынды, қабілетті балалармен жұмысты дамыту мақсатымен гимназиялық және жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптары жыл сайын өз жұмыстарын жалғастыруда. Биылғы жылы ортаңғы және жоғарғы буындағы кейбір сыныптарына жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді үш тілде оқыту енгізілді. Бұл сабақтарды арнайы курстан өтіп, сертификатқа ие болған мұғалімдер жүргізеді. Мұғалім өзінің білімін үзіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Ал оқуда ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады деген екен кемеңгерлердің бірі. Міне, осы қағиданы берік ұстанған мектеп басшылығы ұстаздар біліктілігін арттыруды басты назарда ұстайды. Қазіргі таңда 34 жоғары, 15 бірінші санатты мұғалім аталмыш мектепте қызмет атқарады. Сондықтан мұндай ұстаздардың шәкірттері де талай зияткерлік, шығармашылық және спорттық сайыстарда биіктен көрінеді. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарда жеңімпаз және жүлдегерлер атақтарына ие болған. Осындай нәтижелерге жету үшін мектеп қабырғасында жағдай жасалған. Сабақтан тыс уақытта оқушылар үшін арнайы курс, үйірмелер, секция жұмыстары ұйымдастырылған. Нақты атап кетсек: вокал, хор, би, шахмат, тоғызқұмалақ, жас суретшілер, қолөнершілер, робототехника үйірмелері; волейбол, футбол, баскетбол, каратэ секциялары; театр студиясы т.б.
Бүгінгі күнде аталмыш мектепте бір мыңға жуық бала білім алады. Олардың тең жартысы – бастауыш сынып оқушылары. Жыл сайын 1 сыныптан 4-5 комплект ашылады, бала саны 140-150-ге жуық. Балаларды 1-сыныпқа қабылдау алдында дәстүрлі түрде бірталай жұмыс жүргізіледі. Мектепке дейінгі және бастауыш сатыда білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатымен бірнеше жыл бойы № 14, № 28, № 85, № 93, № 122, № 31, № 35, № 37 балабақшаларының қазақ тілді топтарымен бірлесіп жұмыс өткізудеміз: мектеп қабырғасында экскурсия ұйымдастыру; өзара сабақтар мен тәрбиелік шараларға қатысу; ата-аналар жиналысын өткізу; консультациялар беру; пікіралмасу мектепте дәстүрге айналған. Сонымен қатар мектеп қабырғасында мемлекеттік тілде оқытатын және тәрбиелейтін шағын орталықта екі даярлық тобы бар (43 бала). Топ түлектері біздің мектептің 1-сыныбына келеді.
Биыл да балабақшалар түлектеріне арналған «Жарқын болашақ» атты мерекелік концерт, «Ертегілер әлемінде» - сахналық көрініс, «Ашық есік күні» - сабақтарға қатысу сияқты шаралар өтті. Мамыр айының басында болашақ 1-сынып ата-аналарымен кездесу өткізіп, мектеппен және 1-сыныпты қабылдайтын мұғалімдермен таныстырамыз. Ұстаздар тәжірибелі, жоғары білімді; екеуі жоғары санатты, екеуі бірінші санатты. Бәрі білім мазмұнын жаңарту бойынша қайта даярлау курсынан өткен. Олар: Бақыт Юсатқызы Сағындықова, Гүлия Сләмбекқызы Ахметжанова, Рымтай Аманболқызы Балтагулова, Бақытгүл Серікқызы Арынова. Аталмыш мұғалімдердің оқушылары бастауыш олимпиадасы, мәнерлеп оқу сайыстары, зияткерлік конкурстар, ғылыми жоба конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Ұстаздар өздері де белсенділік көрсетіп, әр түрлі кәсіби сайыстарға қатысып, диплом мен грамоталарға ие болды.
Жазғы уақытта мектеп жанындағы лагерьде болашақ 1-сынып оқушыларына жеке топ құрылады. Сондықтан ата-аналарды балаларын лагерьге қатыстыруға шақырамыз.
№ 2 жалпы орта білім беру мектебіне балаларын оқытуға әкелеміз деген ата-аналарға есігіміз ашық. Қош келдіңіздер!


№ 2 жалпы орта білім беру мектебінің
оқу жұмысы жөніндегі директор орынбасары
Қ.С. Табулова