Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚОШ БОЛ, БАСТАУЫШЫМ!
22-05-2018 11:58
ҚОШ БОЛ, БАСТАУЫШЫМ!

Бастауышым - балбұлағым

       «Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
   Жол табар қараңғыда адасқанда.
    Мал озбас, біле білсең, білім озар,
    Ақыры керек болар бір сасқанда –»

деп, Міржақып ақын айтпақшы, міне № 2 жалпы орта білім беру мектебінің 4 «А», «Ә», «Б», «В» сыныптары 19 мамыр күні мектебіміздің мәжіліс залында «Бастауышым – балбұлағым» атты ертеңгіліктерін өткізді. Бұл күн ата – ана үшін, оқушылар және ұстаздары үшін де ерекше күн болды.
   Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балалары білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып, бастауыш сыныппен қоштасты. Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренді. Алғашқы баспалдағы - бастауышымен қоштасып, орта буынға жолдама алды. Ұстаздарына арнап өлең оқып, ән жырлады, би де биледі. Мектеп директоры Асылбекова Н. Б. оқушыларға, олардың ата-аналарына, ұстаздарға өзінің жылы лебізін білдірді. Бастауышты аяқтап жатқан әр оқушы әр түрлі марапатталауларға ие болды. Ата – аналар да алғыстарын білдірді. Оқушылар алғашқы ұстаздарымен қимастықпен қоштасты.

Қош бол, бастауышым!
              Бүшұмбаева Нүргүл Хамиқызы, №2 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі