22-ші қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні
1998-ші жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22-ші қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні болып жарияланды. Бұл мереке жыл сайын елімізде тұратын түрлі ұлт пен ұлыстардың өкілдерінің қатысуымен тойланып келеді. Мұның өзі еліміздегі ұлтаралық татулық жоғары деңгейін және халықтар арасындағы өзара рухани байланыстың беріктігін көрсетеді.