Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Елбасы Жолдауы-еліміздің жарқын болашағының жоспары
09-10-2018 15:20
Елбасы Жолдауы-еліміздің жарқын болашағының жоспары

   5 қазан күні жаңа экономикалық саясатты қамтитын Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев барша қазақстандықтарды бірлікті бағалай білуге, белді бекемдеп, аянбай ел үшін қызмет етуге шақырды. Онда біздің халықтың әлеуметтік тұрмысына қатысты көптеген мәселелер қамтылды. Біз Жолдауды ұжым болып отырып, тыңдадық. Біздің ұжым-ұстаздар ұжымы. Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне баса назар аударылды. Нұрсұлтан Әбішұлы кезекті Жолдауында білім, ғылым мен медицинаға ерекше назар аударылатынын жеткізді.

   Біріншіден, Елбасымыз қазақстандықтардың жалақысын өсіру мәселесін көтерді. 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын қазіргіден 1,5 есеге көтеру туралы Үкіметке нақты тапсырма берді. Қазір еліміз бойынша ең төменгі жалақы мөлшері 28 мың теңге болса, енді келер жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 мыңға дейін көтерілетін болды. Бұл өте дұрыс деп есептеймін.. Елбасының әрбір көтерген бастамалары сол аудиторияға жиылған жұрттың көңілінен шығып отырды.

   Екіншіден, әсіресе, «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң жобасы ұстаздар қауымының көңілінен шықты. Президент мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешуді; жүктемені азайтуды, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалау қажеттігін баса айтты. Президент 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады.
Қорыта айтқанда, Елбасы атап өткендей әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.

№ 2 жалпы білім беретін мектеп директоры Асылбекова Надежда Бакубаевна