Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебінің мәжіліс залында «Заманымыздың танымал тұлғалары» атты кездесу өтті
04-03-2019 09:44
Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебінің мәжіліс залында «Заманымыздың танымал тұлғалары» атты кездесу өтті
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы – білім. Білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт»  деп атап айтқандай егеменді еліміздің еретеңі, болашағы - жас ұрпақ. 
2019 жылдың 2 наурызында Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебінің мәжіліс залында «Заманымыздың танымал тұлғалары» атты кездесу өтті.
Кездесу кешіміздің қадірлі қонақтары: 
1) Павлордар қалалық маслихат депутаты, Павлодар қаласының Еуразиялық инновациялық университет ректоры – Баяндин Марат Асылбекұлы;
2) Қалалық мәслихаттың депутаты – Кожин Қобланбек Нұрмұханұлы;
3) Павлодар  облысының «Жас ұлан» ұйымының аймақтық хатшысы, «Ровесник» волонтерлер клубының жетекшісі – Сулейменова Самал Сағатқызы; 
4) ИнЕУ жастар ісі бойынша комитет Президенті, «Жасыл ел» қалалық штабының жетекшісі – Рахимжанов Ризат Русланұлы;
5) «Добряки Павлодара» волонтерлер клубының өкілдері Чернов Кирилл Евгеньевич, Кеңесбаева Әсемгүл Меңдібайқызы.
Оқушылардың басым бөлігі «Сіз осы дәрежеге қалай жеттіңіз?», «Алдыңызда қандай қиындықтар болды?», «Мамандық таңдауға қандай кеңес бере аласыз?»  және білім саласы төңірегінде көптеген сұрақтар қойылды.  Әртүрлі саланың иелері болғандықтан, саласына қарай сұрақтар да қызықты болып, өте ұтымды жауаптар алды. Кездесуде бірлік, ұжымдық рух, адамгершілік қасиеттер, ұлтаралық достық, жоғарғы оқу орнында дұрыс мамандық таңдауға бағытталған мәселелер талқыланды. 
Оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп тамаша көңіл сый сыйлады. Келген қонақтарымызбен оқушылар естелікке суретке түсті.