2019 - 2020 оқу жылына байланысты 1 сыныпты қабылдауға "Сарыарқа" газетіне мақала жолданды. Бұл мақалада мектеп табалдырығын аттаған баланың сауаттылығы мен тірбиесі туралы толғандыратын бастауыш сынып мұғалімдері екендігін атап айтылған.
Біздің мектептің ұстаздары жайлы және оқу үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оөушылардың сабаққа деген ынта жігердерін арттыруда деп жазылған.
Мектебімізде түрлі үйірмелер бар екендігі жайлы атап өтілген. Олар: шахмат үйірмесі, тоғызқұмалақ, робототехника, би, вокал, хор үйірмелер және спорттық секциялар. Бұл үйірмелерге оқушылар қызығушылықпен келетіндігін атады.
Бастауыш сыныпқа келген оқушыны сауатты, дарынды оқушы етіп тәрбиелеу мұғалімнің парызы екендігі жайлы түсінік берілген.