9-10 сыныптардың арасында "Наурыз аруы" сайысы өтті
Наурыз мейрамы – көктемгі күн мен түннің теңесу күні, қазақстан халқы үшін, ол достықтың, құндылықтың және махаббаттың, қуаныштың нышаны болады және болып қалады. «Наурыз» сөзі «көктемнің келгенін» білдіреді. Ал көктем – ол жастық, махаббат және сұлулық. Мектебімізде наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде 9-10 сыныптар арасында «Наурыз аруы» атты сұлулық сайысы өтті, бірақ тек қана сұлуларды анықтау, ғана емес, өткізу мақсаты кеңірек болды. Сұлулық адамның ішкі әдемілігінсіз ол бос кеуде деп саналады, сондықтан қатысушылар қазақ халқының салт дәстүрлеріне деген құрметтерін, өздерінің шығармашылықты мүмкіндіктерін көрсетулері керек болды. Қыздар өздерінің үй жұмыстарын көрсетті – олар өз қолдарымен жасаған ұлттық тағамдар болды. Тек қана әдемі жасау емес, сонымен қатар тағам туралы айтып берулері керек. Зал қатты толқыды: өздерінің өкілдеріне қолдау көрсету үшін, олар плакаттарды, қыздардың аттарын жазып көтерді. «Наурыз аруы» сайысының жеңімпазы болып 9 "а" сынып оқушысы Турнияз Жансая атанды.