2018-2019 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиет апталығы туралы ақпарат
2018-2019 оқу жылының мектептік жоспарына сай сәуірдің 22 – 27 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиет апталығы өтті.
Апталық аясында 5 – 11 сынып оқушылары арасында бірнеше ашық шаралар ұйымдастырылды.
5-сынып оқушыларымен «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайыс сабағы өтті (жауапты Ж.Ш. Қалымова). 6-сынып балаларымен «Абайды оқы, ерінбе...» атты Абайдың шығармалары бойынша сайыс өткізілді. Сонымен қатар, 6-сынып құрамды командасы орталық қалалық кітапханада ұйымдастырылған Ә.Кекілбаев әдеби кешіне қатысып, жеңімпаз атағына ие болды (жауаптылар: Г.Ш. Жәменкенова мен С.К. Құсманова). 7-сыныптардың арасында «Абай және оның әндері» оқулар сайысы өтті (жауапты А.Қ. Кәрібаева). 8-сынып оқушыларымен «Қызықты қазақ тілі әлемі» және «Кім жүйрік?» сайыс сабақтары өткізілді (жауаптылар: Қ.С. Табулова мен Е.Х. Рамазанова). 9-сынып шәкірттерімен «Ұлы дала перзенті» атты әдебиет білгіштерінің интеллектуалдық сайысы өтті (жауапты Г.Қ. Сапина). 8-11 сынып оқушыларымен «Жалынды жастар – еліміздің жарқын болашағы» тақырыбына эссе жазылды (жауаптылар: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері). Апта бойы мектеп кітапханасында «Тіл – ұлттың тірегі» көрмесі жұмыс жасады (Е.К. Тлегенова).
Апталықта белсендік танытып, жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды.