"Жолда балалардың қауіпсіздігі" акциясы
![](/media/img/blogs/5ce78b257323e.jpeg)
Оқу жылының аяқталуына байланысты "Жолда балалардың қауіпсіздігі" акциясын жергілікті полиция бөлімінің полиция департаменті мен білім беру бөлімі бірлесіп өткізді. Акция аясында балалар жол патрульдік полициясымен сұрақ - жауап ретінде сұхбаттасты. Қуыршақтар театры жол ережесі туралы сахналық қойылым ұйымдастырды. Ғимарат бойынша экскурсия өткізіліп, оқушылар арнайы полиция автокөліктерін тамашалап, автокөлікте пилиция қызметкерімен бірге жүру мүмкіндігіне ие болды.