Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Өрт қауіпсіздігі", "Қауіпсіз балалық шақ" тақырыптары бойынша лекция оқытылды
05-09-2019 09:04

Әрбір адам өмірінің белгілі бір кезеңінде мектеп маңызды рөл атқарады. Мектеп жасында, белгілі болғандай, өмірлік маңызды танымның көпшілігі, соның ішінде өрт қауіпсіздігінің қарапайым дағдылары да, белсенділік көбірек байқалатын ойын іс-әрекетінің негізінде беріледі. Әрине, оқушылардың мектепте болатын кезіндегі іс-әрекетінің негізгі түрі – бұл оқу. Алайда, айтылып отырған жағдайдағы сөз оқу пәндерінің мазмұны туралы ғана емес, сонымен қатар мектепте өрт қауіпсіздігі дағдыларына үйрету қажеттілігі туралы болып отыр.

4 сыныптар арасында "Өрт қауіпсіздігі", "Қауіпсіз балалық шақ" тақырыптары бойынша Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғау подполковнигі А.Құтбекова дәріс оқып, парақшалар таратты, оқушылар сұрақтар қойып, сұраққа жауап алды.

Мектептегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты - оқушылар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, жанудың алғышарттарын және өрттің пайда болуын болдырмау.