Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Кітап - сарқылмас рухани қазына» тақырыбында іс-шара
18-11-2019 11:34
«Кітап - сарқылмас рухани қазына» тақырыбында іс-шара

2019 жылғы 18 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында мектебіміздің мәжіліс залында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, білімге құштарлықтарын ояту мақсатында «Кітап - сарқылмас рухани қазына» тақырыбында іс-шара өтті.
Қазақстанның әрбір азаматы білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек. Ол үшін терең білім қажет, ғылым жаңалықтары мен өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқудың маңызы зор. Кітап – адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды.
Оқушылар іс-шара барысында кітаптың шығу тарихымен танысты. Сонымен қатар 4 «А» (сынып жетекшісі А.У.Естаева), 4 «Ә» (сынып жетекшісі М.Х.Бұшымбаева), 4 «Б» (сынып жетекшісі Ж.О.Сарсебаева) сынып оқушылары «Мейір шөп» әңгімесін оқып, мазмұны бойынша берілген тапсырмалардан сайысқа түсті. Сыныптар үш топқа бөлініп, тапсырмалар орындады. Тапсырмалар келесі кезеңдерден тұрды:
1. Флипчартты қорғау
2. «Аквариум» стратегиясы
3. «Толықтыру» стратегиясы
Соңында сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
Сыныптар мадақтамамен марапатталды. 1-орынға 4 «Ә», 2-орынға 4 «Б», 3-орынға 4 «А» ие болды. Оқушылар тапсырмаларды толық әрі дұрыс орындады.
Тәрбие сағатын дайындағандар ДТЖжО Г.Ш.Жаменкенова, кітапхана меңгерушісі С.К. Макажанова, кітапханашы А.Р.Жумалина