Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Мүбәрак Жаманбалинов оқулары
17-01-2020 15:06
Мүбәрак Жаманбалинов оқулары

Павлодар қаласының №2 ЖОМ-да мектепішілік Мүбәрак Жаманбалинов оқулары өткізілді. Байқаудың мақсаты - балдырған ұрпақты Отан сүйгіштікке, патриотизмге баулу, көркемсөз оқу арқылы мәнерлеп оқу, жатқа айту дағдыларын жетілдіру. Байқауға 1-4 сыныптар арасынан 17 оқушы қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды:1-ші кезең "Табиғат сабағы" Қатысушылар ақынның табиғат, жыл мезгілдері, жануарлар мен құстар әлемі туралы жазған өлеңдерін жатқа айтып береді.2-ші кезең "Ертегілер елінде". Қатысушылар ақынның өлең - ертегілерінің бірі бойынша шағын көрініс жасайды. 3-ші кезең "Сәби жүректі ақын". Мүбәрак Жаманбалиновтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап береді. Әділ қазылар алқасында:

- комиссия төрайымы: Мамбетова Зәуре Абулсагитовна, бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының әдіскері;

- комиссия мүшелері: Шәкенова Айгүл Жылқыбаевна,  бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының әдіскері;

- Намазбаева Сәнгүл Қайырқызы, бастауыш сынып мұғалімі;

- Қазанғапова Манар Шәкуқызы, бастауыш сынып мұғалімі;

- Сембаева Дәрия Жақсыбекқызы, бастауыш сынып мұғалімі. 
Байқаудың қорытындысы бойынша 1,2,3 орын  және "Көрермендер көзайымы", "Жеңіске деген ұмтылысы үшін" номинациялары берілді.