«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3 жыл аралығында өткізілген тәрбиелік іс-шараларды қорытындылайтын болсақ, көптеген мақсаттарды іске асырғанымызды атап өтуге болады. Мақаланың басты бөлігі туған жердің ұлттық құндылықтарын қадірлеуге арналған болса, біз де осы бағытта ұлтымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту, адами құндылықтарға, рухани қазынамызды түгендеуге оқушыларды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіру бағытында бірталай іс-шаралар легін өткіздік. Атап өтсек, мектепішілік «Өшпес рух» жобасы аясында «Ұлттық аспаптар» атты іс-шара, «Алтын қазына» сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, «Заманымыздың танымал тұлғалары» кездесуі, №2, 19, 22 және ОМЛИОД мектептері арасында "Сумо" категориясы бойынша робототехникадан жолдастық кездесу, «Атажұрт» этноматематикалық танымдық ойын, «Ұлы дала мұрасы» тимбилдингі, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты воркшоп, «Қызға қырық үйден тыйым» дөңгелек үстел, «Ақындар жылнамасы» іс-шаралары және т.б. Аталған іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақты ұлттық тұрғыда тәрбиелеп, әрбір өсіп келе жатқан баланың бойына рухани байлықты сіңіріп, үлкенге құрметпен қатар, Отанға деген сүйіспеншілікті бекемдеп келеміз.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3 жыл аралығында өткізілген тәрбиелік іс-шаралар