Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
7 мамыр – Отан қорғаушы күні құтты болсын!
08-05-2020 13:19
7 мамыр – Отан қорғаушы күні құтты болсын!

Ғасырлар бойы Отан қорғаушылар өз халқына адал қызмет етіп, батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің – нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың – өлшемі болды.
Әрбір арлы азамат үшін туған Отанын қорғаудан құнды, одан қымбат ешнәрсе жоқ. Бұл шынайы патриотизмді талап етеді. Бұл – зор мәртебе! Қазақтың қаһарман ұлы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс – күймейсің», – деген. Осынау ғасырлар көгіндегі өшпес өсиет – әрбір Отан қорғаушының мәңгілік ұраны болатынына сенімдіміз.
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қуаты нығайып, даңқы арта берсін! Еліміздің тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңіз табысты болсын!