Сенім телефоны
8(7182)550984
email: pav2school@bk.ru
Мекенжайы: Короленко, 9/1
8(7182)550984, 8(7182)559740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда2856797
Бір айда191704
Бір аптада54668
Кеше4389
Тәулік6272
9-МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
09-05-2020 03:20
9-МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Дүниені дүр сілкіндірген  Ұлы Отан соғысындағы жеңісті жақындатқан ата-апаларымыздың  ерлік істері мәңгі өлмейді. Адамзат тарихында алапат қасірет әкелген осынау отты жылдардағы  зобалаңның  салмағының ауыр болғанын, бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс.  Ұлы Жеңісті жақындатуға атсалысқан абзал арыстарымыздың майдан даласында ерлігі мен  отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.Омырауларында жарқыраған орден-медальдарын тағып анадайдан көзге оттай басылатын ардагер ағаларымыздың  қатары жыл санап сиреп барады. Бұл күні олар  сұрапыл соғыстан оралмаған  қарулас майдангерлерді егіле  еске алады.Біздің бейбіт өміріміз үшін қан майданда ерліктің өшпес үлгісін көрсеткен батыр бабаларымызға мәңгілік тағзым!.