Желтоқсан куәгерлерімен кездесу
![Желтоқсан куәгерлерімен кездесу](/media/img/blogs/61966a37b5d88.jpeg)
Мектебімізде Бұхар Жырау музейінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кездесу өткізілді. Кездесуге Целиноград қаласындағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Амангелді Теміршотұлы мен жастардың жалауын көтерген Айман Файзоллақызы да шақырылды. Аға-апаларымыз Тәуелсіздіктің не бір қанды қырғынмен, талай қазақ жастарының өмірімен келгендігін айтып жүректі елжіретті. Тыңдайтын құлақ, ұғынатын жүрек болса, тәуелсіздікті, елдікті сақтау тіл мен ел-жеріңе деген шынайы сүйіспеншіліктен басталатынын нық айтты. Мектеп оқушылары әсерлі сұхбаттан соң, өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды деп үміттенеміз.