Сенім телефоны
8 7182 220004
email: alimbaeva@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, П. Васильев көшесі, 17/2
+77182225599
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мектеп ұстаздары және бір топ оқушылары Павлодар өңірінің киелі жерлеріне рухани турларын бастады.
18-05-2022 15:35
Мектеп ұстаздары және бір топ оқушылары  Павлодар өңірінің киелі жерлеріне рухани турларын бастады.

Мектеп ұстаздары және бір топ оқушылары  Павлодар өңірінің киелі жерлеріне рухани турларын бастады. Соның алғашқысы болып  мектебіміздің есімі берілген Мұзафар Әлімбаевтің туған жеріне жол тартты. Атап айтсақ, Маралды көліне және қаладан 150 шақырым, Шарбақты ауданы Арбиген ауылынан 15 шақырым жердегі Ғабдулл-Уахит Хазірет кесенесіне барып қайтты. Ғабдулл-Уахит Хазірет Тіленшіұлы –діни қайраткер, ислам дінінің негізін қалаушы, дұғамен адам емдейтін қасиетті тұлға болған. Кесене шырақшысы Ермек Балтаұлы кесене мен қасиетті жердің тарихын баяндап, құран оқылып, садақа салынды.  Қасиетті жердің рухына тағзым ете барған оқушылар тылсым табиғаты мен қадір-қасиетіне таң қалып, ерекше сезімде болды. Осы күні Арбиеген аулының тумасы , Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген опера әншісі Абилев Шахимардан Қайдарұлы да кесенеде жолықғып, әрі оқушылар мнн ұстаздар Шахимардан Қайдарұлын 70 жас мерейтойымен құттықтап, сұхбаттасып, Мұзафар Әлімбаев атамыздың өлеңінен үзінді оқып, естелік суретке түсті.