Қорытынды педагогикалық кеңесі
30 мамырда қорытынды педагогикалық кеңес өтіп, онда 2021-2022 оқу жылындағы педагогикалық ұжым жұмысының қорытындысы шығарылды. Әдіскер ұстаздар қауымы қызметінің барлық тұстарына тоқталып, бір жыл ішінде атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жүргізді, тәрбиешілер балалармен және ата-аналармен жұмысты қорытындылады. 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын белгіледі. Барлық педагогтарөз нәтижелері мен жетістіктерін әріптестерінің нәтижелерімен және жетістіктерімен салыстыруға мүмкіндік алды. Педагогикалық кеңес өте нәтижелі, бай, мазмұнды, еркін, ауызша күнделік түрінде өтті.