"Қауіпсіз терезе"
Қалада балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім болып келеді. Әсіресе 3-7 жастағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді.
Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұраймыз.