Қамқоршылар күні «Баланы бақытқа бөле»
Қамқоршылар күні Қазақстан Республикасында 2010 жылдан аталып өтіледі.
Біздің мектепте бұл мереке ерекше еске алынды. Мерекелік іс- шарада
тастанды балалардың қамқоршылары мен патронаттық ата-аналарға құрмет
көрсетіліп, шағын силықтар табысталды. Өткізілген іс-шараға 6 патронаттық
жанұя қатысты. Басты мақсат- тағдырдың тауқыметін арқалап, сәби шағынан
ата-анасыз қалған балаларды бауырына басқан мына мейірімді жандарды
көтермелеп, марапаттау. 28 қазанда «Баланы бақытқа бөле» тақырыбында
Watsap жүйесі арқылы жанұлық әңгіме өткізілді. 29 қазанда ZOOM
платформасы арқылы «Дөңгелек дастархан» ұйымдастырылды. Жасалған
жоспар бойынша «Жылы жүрек» тақырып аясында қамқоршы әрі мектеп
қызметкері Нина Анатольевнаны қызу құттықтап, шағын силық табыстадық.