Психологиялық көмек
Күзгі демалыс – бұл сабақтардан демалу ғана емес, сондай-ақ уақыттарын қызықты да, көңілді өткізіп, білікті білім алып, жаңа жаңалықтармен танысатын уақыт десе де болады. Күзгі демалысты қалай қызықты өткізуге болатынын алдын ала мектеп педагог-психологтары ойластырып қойған. Мектеп психолог-педагогтарымен «Күзгі демалыс кезінде психологиялық қызмет көрсету» тақырыбында жоспар құрылған. Олар өте қызықты тренингтар, іс-шаралар жоспарлап, қыздар мен ұлдардың күндері қызыққа толы болуын қадағалап отырады. Оқушылар қашықтықтан ойын-тренингтарына толық қытысып, көңілді өмір сүреді десек артық болмайды.