3 желтоқсан- Халықаралық мүгедектер күні
Қазіргі таңда Халықаралық мүгедектер күнін атап өту, ешкімге таңсық емес. Барлық елде сияқты, Қазақстанда бұл күн 3 желтоқсанда аталып өтіледі. Соған байланысты, біздің мектеп осы күнге байланысты , іс-шара өткізді.Инклюзияны қолдау кабинетінің қызметкерлері «Біз біргеміз» атты акция ұйымдастырды. Кабинеттің балалары өз сыныптастарынан өз қолдарымен істелген суреттер алып, көңілдеріне жағатын сөздер естіп, шат-шадыман болды. Сыныптастар тарапынан бұл акция шын жүректен шыққан сөздермен толығып, өте биік нотада өтті.