Желтоқсандық мерекелер
Біздің мектеп еліміздің Бірінші Президенті және Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік мерекелеріне орай бірқатар іс-шаралар жүргізді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – Қазақстан Республикасының ең
маңызды ұлттық мерекесі.
1 желтоқсан – Бірінші Президент күні. Осы мерекелерге байланысты сынып
жетекшілері ZOOM платформасы бойынша сынып сағаттарын өткізді. Кітапханашы
«Тәуелсіздік жолы» тақырыбы бойынша қашықтықтан саяхат шолу жасап, осыған
байланысты көрме ұйымдастырды.
Сонымен қатар «Менің туым» атты акция жүріп жатқан еді. Бұл акцияға біздің
мектептен 250 оқушы және 31 мұғалімдер қатысты. 150 оқушының әйнектерінде
Қазақстан Республикасының жалауы желбіреп тұрды.
Оқушыларға Бірінші Президент туралы 30 фильм көрсетілді.
Осы өтілген іс-шаралардың мақсаты - Отанға деген қаһармандық , азаматтық
абыройлық сезімдерін арттырып, болашаққа деген жауапкершіліктерін дамыту. Әр
қазақстандықтардың тарих алдындағы жауапкершіліктерін қалыптастыру болып
табылды.