2021 жылдың 3 наурызында №6 ЖОББМ-нің 8-9 сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
Тәлімдік мәні зор шараның бірі «Ұлдар мен қыздар арасындағы достық» тақырыбында.
Қашықтықтан оқытуды ескере отырып, бұл іс-шара ZOOM платформасында және әр сынып жетекшісінің жауапкершілігімен жүзеге асты.
Әр мұғалім «Әйел сүйкімділігі», «Ер мінезі» ұғымдарының мағынасын нақты мысалдарды келтіре отырып, жан-жақты ашуға тырысты. Осылайша, ұлдар мен қыздар арасындағы достық қарым-қатынасты, сондай-ақ ұлдар мен қыздарда ерекше бағаланатын адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етуге күш салды.
Сонымен қатар, шара барысында ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға, ұлдардың қыздарға, қыздардың ұлдарға деген ашықтығы мен құрметін арттыруға мүмкіндік беретін мәселелер кеңінен сөз болды.
ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІК-ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ»