Жыл сайын Қазақстан Республикасында өрт оқиғалары көптеп орын алып, оларда ересектер мен балалар қаза болады. Көбінесе балалардың өздері жазатайым өрт оқиғасының себепкері әрі құрбанына айналады. Бұл ретте балалардың басым бөлігі отты және өрт қауіптілігі бар материалдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін жеткілікті білім мен дағдыларға ие болмай шығады. Нәтижесінде өз әрекеттерінің қауіптілік салдарын болжай алмайды. Сондықтан төтенше жағдайларда кезіндегі әрекет жасаудың ережелері, өз өмірі үшін күресу дағдылары мектеп жасына дейінгі кезден бастап оқытылуы керек. Осыған байланысты мектепте аталмыш тақырып бойынша жоспардан тыс сынып сағаттары өтті. Балалар өрттің пайда болуы туралы өте құнды ақпаратты білді және бұл оларға осы тақырыпқа байыпты және нақтылы зерделеуге көмектеседі.
Өрт қауіпсіздігі