Инклюзияны қолдау кабинетіндегі наурыз мерекесі
Біздің балалар көктемді, соның ішінде Наурыз мерекесін асыға күтеді. Бұл күндері адамдар туған-туыстарын қарсы алып, дастарқан жаяды, жақындарына қонаққа барады, әдеттегідей, барлық жерде ізгі тілектер айтылады.Мереке қарсаңында ИҚК мамандары "Наурыз нақыштары" конкурсын ұйымдастырды, онда оқушылар импровизацияланған киіз үйді безендірді, мерекелік дастарқан жайды, көктем мезгілі, Наурыз дәстүрі туралы өлеңдер оқыды, ән шырқады, сондай - ақ пластилиннография техникасын қолдана отырып, киіз үйдің дайын үлгісін безендірді. Жұмыстар өте әдемі болып шықты, балалардың шығармашылығы киіз үйдің неден тұратыны, сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы қысқаша әңгімемен сүйемелденді.