ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІК-ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ
Әр дүйсенбі, біздің мектепте 7-11 сынып оқушыларына арналған жыныстық- адамгершілік тәрбиесіне байланысты түрлі іс-шара ұйымдастырылады. Міне тағы қыздарға арнап мектеп дәрігері Касимова Баян Какимовна «Қыздардың денсаулығына арнайы тазалық шараларының тікелей байланысы» атты тақырыпта әңгіме жүргізді. Осы тақырыпта жасөспірім қыздармен әңгіме қозғалды. Қыздар түрлі сұрақтар қойып, маманнан дұрыс жауап алды. Әңгіме өте қызықты және танымды жүргізілді.