"Бақытты отбасы деген не?"
"Балалық планетасы" деп аталатын мектеп газетінің жазба-орталығы отбасы апталығы шеңберінде "Бақытты отбасы деген не?" деген тақырыпта әлеуметтік сұрау өткізді. Бұл сұрақ ұстаздарға, оқушыларға, психологтарға және де директорға қойылды. Сұралғандардың барлығы отбасын қадір тұтатынын айтып, оның негізі өзара түсініспеншілік, келісім, махаббат мен сенім екенін айтты.