2013жылдың 31 қаңтарында қазақ тілі пәні мұғалімі Смайылова Гүлзара Төлегенқызы «Көптілділікті сабақ үрдісіне енгізу» атты шара аясында 6 А сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнін ерекше өткізді
2013жылдың 31 қаңтарында қазақ тілі пәні мұғалімі Смайылова Гүлзара Төлегенқызы «Көптілділікті сабақ үрдісіне енгізу» атты шара аясында 6 А сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнін ерекше өткізді. Озық тәжірибелі ұстаз шеберлікпен үш тілді орыс, қазақ, ағылшын тілін сабақ барысында қолданды. Лексикалық тақырыппен қатар грамматикалық тақырып меңгеріліп, салыстырылды. Оқушылар сабаққа аса қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты. Қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі көптік жалғау қолданды, оқушылар интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жалғауларды сөздерге жалғады.Әр тілдің өз ерекшеліктерін көрді. «Менің сүйікті кейіпкерім» атты тақырыпта оқушылар өз ойын үш тілде білдіре алды.