2013 жылдың 6 ақпанында №6 мектепте «Көптілділік –жан-жақты мәдени дамыған тұлғаны қалыптастыру негізі» атты педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңеске мектеп ұжымы алдын ала бір ай бұрын дайындалды. Мектеп басшылығымен жоспар құрылды. Ол ең алдымен оқушылар мен ұжым арасында сауалнама өткізу(сынып жетекшілер), мектептегі тілдік жағдаят туралы ақпарат жинау (оқу ісінің меңгерушілері Якубова В.Х, Иванова В.И), көптілділікті сабақта қолдану – ашық сабақ көрсету (қазақ тілі мұғалімі Смаилова Г.Т; ағылшын мұғалімі Женаева Е.С; тарих мұғалімі Нұрғожина А.Е ); көптілділіктің өзекті мәселелерін талқылау бойынша шығармашылық топ ұйымдастырылды ( жетекшілері Булер С.Г; Камиева Б.Д,Сағитова Г.Қ; Жайляуова Б.Т;). Педкеңес барысында ашық сабақ берген ұстаздар өз тәжірибесімен бөлісіп, сабақтың фото-видео материалдарын көрсетті. Педагогикалық ұжым 4 топта жұмыс істеді. Педагогикалық кеңес соңында көптілділікті енгізудің жағымды, жағымсыз жақтарын қағазға түсіріп жазып, сын тұрғысынан ойлау технология стратегияларын қолдана отырып ой бөлісіп, пікір алысты. Ұжым шешімі бойынша мұғалімдердің қазақ тілі мен ағылшын тілі үйірмелеріне қатысуын жалғастыру; барлық сабақтарда үштілділікті мүмкіндігінше енгізу; тәжірибе ретінде ПМПИ және Алтай университетімен ынтымақтасып жұмыс істеу.