Гуманитарлық пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
25 сәуір күні біздің мектепте келе жатқан "Жеңіс күні" мерекесіне орай 7-8 сынып оқушыларымен "Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды" атты іс-шара өткізілді.
Бұл шараны тарих мұғалімдері Т.В.Вернер, М.И.Фохт, Ә.Е.Нұрғожина әзірледі. Оқушылардың назарына ұлы Отан соғысы туралы деректі фильм, слайд-бағдарлама, әскери жылдардың фотолары көрсетіліп, балалар павлодарлық батырлардың өмірбаяндарымен таныстырылды. 1 минуттық үнсіздікпен соғыс құрбандарын еске алды.