Бүгін ағылшын тілінен болған ашық сабақта біздің мектептің 5 «А» сынып оқушылары сондай бір қызығушылықпен өздері үшін уақыттың жұмбақ әлемін ашты.
Бүгін ағылшын тілінен болған ашық сабақта біздің мектептің 5 «А» сынып оқушылары сондай бір қызығушылықпен өздері үшін уақыттың жұмбақ әлемін ашты. Енді ағылшындардан нық сеніммен “What time is it?” деп уақытты сұрай алатын болады. Ағылшын тілінің мұғалімі Е.С.Женаева тілдесу жағдайындағы оқушылардың ғана емес, сонымен бірге мектеп ұстаздарының қызығушылығын оята білді. Бұдан былай біз «Жоғалған уақыт туралы» ертегі әлеміне, тіпті шалғайдағы Британия ғажайыбының жұмбағына ілінбейміз.