Тіл – достықтың құралы
20 қаңтар күні Павлодар қаласы мектептерінің мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері арасындағы «Тіл – достықтың құралы» атты Х қалалық сайыс өтті. Осы сайысқа «Павлодар қаласының №6 жалпы орта білім беру мектебі» ММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Каринкина Ольга Сергеевна қатысты. Ол сайысқа бар күшін салып, қазақ тілін қаншалықты меңгергенін асқан шеберлікпен көрсете білді. Қатысушы Ольга Сергеевна Білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.