«Тіл мен әдебиетті оқытудағы қазіргі филологиялық білім берудің қолданбалы аспектілері»
2017 жылдың 31 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік бірлестігінде «Тіл мен әдебиетті оқытудағы қазіргі филологиялық білім берудің қолданбалы аспектілері» тақырыбына арналған отырыс өткізілді. Отырысты республикалық оқу-әдістемелік семинарына қатысып келген мұғалімдер Сағитова Ж.К., Матайбаева Ж.С. өткізді. Онда эссе түрлері, құрылымы түсіндірілді, сабақ барысында қолданылатын белсенді әдіс тәсілдер, қазақ әдебиетін оқытуда интерактивті әдістерді қолдану жолдары туралы жұмыс өткізді.