«Тілдің үштұғырлығы» сайысы
2017 жылдың 22 тамызынан бастап 22 қыркүйек аралығында өткізілетін «Тілдер айлығы» облыстық іс-шаралар шеңберінде Павлодар қаласының № 6 жалпы білім беру мектебінде 2017 жылдың 14 қыркүйегінде 6-7 сынып оқушылары арасында «Тілдің үштұғырлығы» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Сайыс 3 тілде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде өткізілді. Қатысушыларды 2 командаға «Білімділер» және «Тапқырлар» болып бөлінді. Барлық қатысушылар сайысқа белсенді қатысты. Сайыста әртүрлі тапсырмалар: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сұрақ-жауаптар болды. «Білімділер» командасы сайыс жеңімпазы атанды. Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар, ал жеңімпаздарға мақтау қағазы табыс етілді.