«Әлеуметтік желілердің артықшылықтары мен кемшіліктері»
18 сәуір күні № 6 ЖОМ-нде «Әлеуметтік желілердің артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбына арналған дебат өтті. Осы іс-шараны бастамашылары «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер үйымының белсенділері болды. 7, 8 сынып оқушылары ғаламтордың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдады және талқылады, жамандық па әлде, заманауи технология біздің өмірімізді қызықты ете ме, әйгілі блогерлердің видеороликтерін қарады. Сонымен бірге, мектеп психологы Зарема Жеңісқызы Қасымованың өз өмірлерін көбінесе шынайы өмірде өткізу керектігі туралы кеңесін тыңдады.