«Ұлы даланың жеті қыры»
№ 6 жалпы орта білім беру мектебінде Елбасының жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын тарих мұғалімдер және оқушылар қызу талқылады. Олар бірауыздан маңызы мол құжаттың дер кезінде жарияланғанын айтты. Ал мақаладағы алты ірі жобаны жүзеге асыру – еліміздің терең тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттауға мол мүмкіндік береді дейді тарихшылар. Басты мақсат – төл тарихын бағалайтын жас ұрпақ тәрбиелеу.