"Домбыра үні" іс-шарасы
31 қаңтар күні №6 ЖОМ "Домбыра үні" атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды ұлттық домбыра аспабымен таныстыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шара жүргізушілері мұраның ажырамас бөлігі - домбыра екені туралы баяндады. Сонымен қатар оқушылар бейнероликтерді көріп, 11 "А" сынып оқушысы Алдыбек Елжастың орындауында ұлы композиторлардың күйлерін тыңдады.